Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті 2024 ж. 29 ақпанындағы №13-НҚ, №14-НҚ бұйрықтарымен бекітілген 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау облысы Исатай ауданы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер келесі мөлшерде енгізілетінін тұтынушылардың назарына жеткізеді:
1. Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау, Томан, Х.Ерғалиев ауылдарына суды таратушы желілер арқылы беру реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф жеке тұлғалар үшін – 178,45 теңге/м3 ҚҚС-сыз; басқа да заңды тұлғалар үшін - 202,91 теңге/м3 ҚҚС-сыз.
2. Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай, Зинеден, Нарын, Исатай ауылдарына суды таратушы желілер арқылы беру реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф жеке тұлғалар үшін – 226,44 теңге/м3 ҚҚС-сыз; басқа да заңды тұлғалар үшін - 262,01 теңге/м3 ҚҚС-сыз.
3. Атырау облысы Исатай ауданына сарқынды суларды бұру реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф жеке тұлғалар үшін – 96,31 теңге/м3 ҚҚС-сыз; басқа да заңды тұлғалар үшін - 157,58 теңге/м3 ҚҚС-сыз.
4. Атырау облысы Исатай ауданы бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф 7 042,86 теңге/Гкал ҚҚС-сыз.