Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның 2022 жылдың 4 тоқсанына арналған инвестициялық бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 07.10.2021 жылғы №72-НҚ және Атырау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 22.10.2021 жылғы №134-Д бірлескен бұйрығымен "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ң Атырау қаласы мен Мақат ауданы суды таратушы желілер және магистральдық құбырлар арқылы,  сарқынды суларын бұру және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2021-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі-инвестициялық бағдарлама) жалпы сомасы 513 888 306 (бес жүз он үш миллион сегіз жүз сексен сегіз мың үш жүз алты) теңгеге ҚҚС-сыз бекітілді.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ң Атырау қаласы мен Мақат ауданы суды таратушы желілер және магистральдық құбырлар арқылы, сарқынды суларын бұру және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2021-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі-инвестициялық бағдарлама) бекітілген жалпы сомасы 513 888 306 (бес жүз он үш миллион сегіз жүз сексен сегіз мың үш жүз алты) теңгеге ҚҚС-сыз    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 22.11.2022 жылғы №120-ОД және Атырау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 23.11.2022 жылғы №144-Ө бірлескен бұйрығына сәйкес инвестициялық бағдарламадағы көрсетілген жалпы сомасы 515 209 000 (бес жүз он бес миллион екі жүз тоғыз мың) теңгеге ҚҚС-сыз  өзгертілді.

Ағымдағы жылдың IV тоқсанында сатып алынды:

"Атырау қаласының су тазарту құрылғыларына ысырмалар мен жапқыштарды сатып алу" бөлімі бойынша сатып алынды:

- 4 сорғысынан қысымды арттыратын сорғы станциясы AKVA E4 cm25, 1 жиынтық, сомасы 8 064 544,32  теңге ҚҚС-сыз.

 "Сарқынды суларды бұру және тазарту жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің жиыны" бөлімі бойынша қызметтер көрсетілді:

Инвестициялық бағдарлама бойынша іске асырылмаған барлық іс-шаралар келесі қаржы жылына ауыстырылады.