Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты СМП-163 ықшам ауданындағы су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

 

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы Жамбыл көшесіндегі Д-300 мм су құбырында апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне байланысты 2022 жылдың 21 ақпанында  сағат 14.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін төмендегі мекен-жайларда орналкасқан тұрғын үйлер мен нысандарға салқын су беру тоқтатылатынын хабарлайды:

- №6, №8 жылу пункіттері.

- Атырау облыстық кардиология орталығы.

- Смағұлов көшесі, №5 мекен-жайындағы "ФОК".

- Азаттық даңғылындағы Атырау облысының тарихи-өлкетану мұражайы.

- Уалиханов көшесі, №1 мекен-жайдағы "Эмбамұнайгаз" ЖШС.

- Смағұлов көшесі, №8 мекен-жайдағы  "НСоС" ЖШС.

- Уалиханов, №2а мекен-жайдағы "ҚР Ұлттық банкі".

- Темірханов көшесі, №2 мекен-жайдағы "Қаржы полициясы".

- Азаттық даңғылындағы Атырау Мұнай және газ Институты.

- Азаттық даңғылы, №2д/2 мекен-жайдағы "Шағала" Сауықтыру орталығы.

- Каженбаев көшесіндегі "Каспиан Оффшор Конструкшн Реалти" ЖШС.

- Уалиханов көшесі, №2в  Ланзоу" мейрамханасы.

- Азаттық, №5а мекен-жайдағы "The sport" кафесі.

- Азаттық даңғылындағы, №№5, 5а, 5б  тұрғын үйлер.

- Пионерская көшесі, №1а мекен-жайдағы "Центр раннего развития".

- Пионерская көшесі, №№2, 2а, 2г, 2б жеке тұрғын үйлер.

- тұрғын үйлер мен заңды тұлғалар: 

- Азаттық даңғылы ("Арбат" жағы), Пионерская, Момышұлы, Уалиханов көшелері.

-  Махамбет көшесінен бастап, Темірханов көшесі бойы, Смағұлов көшесіне дейін.

-  Мамекұлы көшесі, Кирова, Ақжол (Колхозный өткелі) өткелдері.

-  Железнодорожный өткелі, Каженбаев көшесіндегі жеке үйлер №№7, 7б, 5, 2а, 5, 5а, 1, 1в, 8, 4.

- М.Горький көшесі (жұп және тақ жағы). 

- Сланов, Жамбыл көшелері (Жұп және тақ жағы).

- Майлин көшесі бойы, Махамбет көшесінен бастап Мамекұлы көшесіне дейін.  

- Махамбет көшесінен бастап Шолохов көшесіне дейін.

- Махамбет көшесінен бастап С.Бейбарыс даңғылына дейін.

- Махамбет көшесінен бастап, Фрунзе көшесі бойы, М.Горький көшесіне дейін.

- Махамбет көшесінен бастап, Абдрахманов көшесі бойы, М.Горький көшесіне дейін.

- Махамбет көшесінен бастап, Грибоедов көшесі бойы, Баймұханов көшесіне дейін.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы Нұрсая ықшамауданы, Елорда даңғылы мен Нарембаев көшелерінің қиылысында орналасқан Д-560 мм магистральды су құбырында апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуіне байланысты 2022 жылдың 2 ақпанында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Нарембаев көшесіндегі тұрғын үйлер мен нысандарға, Нұрсая ықшамауданындағы №№2, 3, 5 жылу пункттеріне салқын су беру тоқтатылатынын хабарлайды.

Ауезов көшесі, №22 үй аумағындағы су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Тұрғын үй қалашығы ықшам ауданына (Құрманғазы атындағы мадениет үйінен соңғы аялдамаға дейін) су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

 

"Атырау Жарық" тарапынан СуҚКСС-ға электр энергиясы берілмеуіне байланысты Талғайран және Алмалы поселкелеріне су беру уақытша тоқтатылады. Су беру уақыты әзірге белгісіз.

Махамбет көшесі, №125 үй аумағындағы өздігінен ағатын кәріз құбырының апаттық учаскесін ауыстыру бойынша жұмыстары жүргізіліп жатырғанын хабарлаймыз.

Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында «Жыл адамы-2021» өз саласы бойынша үздік атыраулықтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. «Коммуналдық саланың жыл қызметкері» номинациясы бойынша «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның бас инженерінің орынбасары Ғасыржан Лекеров үздік атанды. Әріптесімізді құттықтап, облыс тұрғындарының игілігі жолындағы еңбегіңізге табыс тілейміз!

Ағымдағы жылдың қараша айының соңында "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы биллинг жүйесі мен Kaspi.kz қосымшасының деректерін біріктіруді жүзеге асырды. Осыған байланысты, жүйе нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Қазіргі кезеңде биллинг жүйесіне абоненттердің есепке алу аспаптарының енгізілген жаңа көрсеткіштері бірден Kaspi.kz қосымшада төлем сомасында көрсетіледі. Сондықтан, өткен кезеңде суық және ыстық су үшін төлем жасаған абоненттер айдың соңында Kaspi.kz қосымшада ағымдағы ай үшін жаңа есептелген сомалар пайда болу себептеріне соқтығысты. Қазіргі уақытта қателерді жою және интеграцияны аяқтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Д-225 мм су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Драма театры аумағына (тек қана жеке тұрғын үйлер және Драма театр) су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

"Атырау Жарық" тарапынан "Мирный" СуТҚ-ға электр энергиясы берілмеуіне байланысты Дамбы су құбырына (Дамбы, Көкарна (Курилкин), Зарослый, Мирный, Водников) және Тасқала су құбырына су беру уақытша тоқтатылады. Су беру уақыты әзірге белгісіз.

СуҚКСС-ға электр энергиясы берілмеуіне байланысты Тұрғын үй қалашығы шағын ауданына су беру уақытша тоқтатылады. Қазіргі уақытта "Атырау Жарық" жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

№7 көшедегі №14 үй аумағындағы су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Тасқала-2 поселкесіне су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.