Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

"Атырау Жарық" тарапынан "Алмалы" СуТҚ-ға электр энергиясы берілмеуіне байланысты сағ. 11.00-ден бастап сағ. 16.00-ге дейін уақытша су беру тоқтатылады, өйткені сол уақытта аталған мекеме техникалық жұмыстарды жүргізеді.

Сарықамыс-2 кентінің бөлігінде су беруді уақытша тоқтату су құбыры желісіндегі апатқа байланысты. Авариялық жұмыстар жүргізілуде.

Еркінқала елді мекеніне су қысымының төмендеуі СуҚКСС-ға "Атырау Жарық" тарапынан электр энергиясының берілмеуімен байланысты.

Береке кентінде (Память Ильича) су беруді уақытша тоқтату Д-630 мм су құбыры желісіндегі апатқа байланысты. Авариялық жұмыстар жүргізілуде.

Жұлдыз-2 кентінде су беруді уақытша тоқтату өрт гидрантындағы апатқа байланысты. Авариялық жұмыстар жүргізілуде.

Талқайран, Ақжар-1, Ақжар-2 кенттерінде сағат 15.00 - ден 17.00-ге дейін су беруді уақытша тоқтату Д-225 су құбыры желісіндегі апатқа байланысты. Апаттық жұмыстар жүргізілуде.

Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның 2022 жылдың 4 тоқсанына арналған инвестициялық бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 07.10.2021 жылғы №72-НҚ және Атырау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 22.10.2021 жылғы №134-Д бірлескен бұйрығымен "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ң Атырау қаласы мен Мақат ауданы суды таратушы желілер және магистральдық құбырлар арқылы,  сарқынды суларын бұру және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2021-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі-инвестициялық бағдарлама) жалпы сомасы 513 888 306 (бес жүз он үш миллион сегіз жүз сексен сегіз мың үш жүз алты) теңгеге ҚҚС-сыз бекітілді.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ң Атырау қаласы мен Мақат ауданы суды таратушы желілер және магистральдық құбырлар арқылы, сарқынды суларын бұру және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2021-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі-инвестициялық бағдарлама) бекітілген жалпы сомасы 513 888 306 (бес жүз он үш миллион сегіз жүз сексен сегіз мың үш жүз алты) теңгеге ҚҚС-сыз    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 22.11.2022 жылғы №120-ОД және Атырау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 23.11.2022 жылғы №144-Ө бірлескен бұйрығына сәйкес инвестициялық бағдарламадағы көрсетілген жалпы сомасы 515 209 000 (бес жүз он бес миллион екі жүз тоғыз мың) теңгеге ҚҚС-сыз  өзгертілді.

Ағымдағы жылдың IV тоқсанында сатып алынды:

"Атырау қаласының су тазарту құрылғыларына ысырмалар мен жапқыштарды сатып алу" бөлімі бойынша сатып алынды:

- 4 сорғысынан қысымды арттыратын сорғы станциясы AKVA E4 cm25, 1 жиынтық, сомасы 8 064 544,32  теңге ҚҚС-сыз.

 "Сарқынды суларды бұру және тазарту жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің жиыны" бөлімі бойынша қызметтер көрсетілді:

Инвестициялық бағдарлама бойынша іске асырылмаған барлық іс-шаралар келесі қаржы жылына ауыстырылады.

Құрметті абоненттер!
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК абоненттердің біздің кәсіпорынмен өзара іс-қимылын жеңілдету үшін Telegram қосымшасында https://t.me/SuArnasyBot "Чат-бот" іске қосылғанын хабарлайды.
Осы ботта:
* жеке шотыңыздың жай-күйі туралы ақпарат алуыңызға;
* қарызды тексеруге және төлеуге;
* есептеу құралдары бойынша ақпаратты қарауға;
* есептеу құралдарының көрсеткіштерін беруге;
* шот-хабарлама немесе салыстыру актісін алуыңызға болады.

Апатты су құбыры учаскесін ауыстыру бойынша жұмыстарына байланысты Алмагүл-2 шағын ауданына бүгін, 2022 ж.19.12. сағ. 14.00-ден бастап 19.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылатыны жөнінде "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы қаперлеріңізге береді.

 

Сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін Нұрсая ықшамауданының бір бөлігінде (Т.Шәмелов көшесі, №1 өткел және «Жерұйық» тұрғын үй кешені) су құбырының уақытша тоқтатылуы су құбырындағы апатты жою жұмыстарымен байланысты. 

 

 

Сағат 10.00-ден бастап мешіттен «Рауан» сауда үйіне дейінгі аумақта су құбырының уақытша тоқтатылуы су құбырындағы апатты жою жұмыстарымен байланысты. 

 

 

Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Ақжайық ықшамауданына және Абай Құнанбаев көшесінде су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты белгісіз.