Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Сумен жабдықтау көзі болып Жайық өзені табылады.

№1 Сүзу станциясы - өндірістік өнімділігі - тәулігіне 30000 м3, 1938 жылы салынды. Әрқайсысы 800 м3 көлеміндегі төрт тік тұндырғыштан, өнімділігі қалыпты режимде сағатына 200 м3, әрқайсысының ауданы 20 м2 алты жылдам құм-малтатасты сүзгілерден тұрады.

1999 жылы станция күрделі жөндеуге тұрғызылды (су жүретін құбыр сүзгілері құбырларының технологиялық байламы ауыстырылып, ілмекті арматура толықтай ауыстырылды).

Су бірінші су көтеру станциясынан сүзгі станциясындағы таратушы құдыққа түседі. Су жүретін құбырға коагулянттың жұмысшы ерітіндісі және бастапқы хлорлауға арналған хлор ағатын құбыр кірекесілген. Таратушы құдыққа аралығы 1,5-2 минөт уақытпен полиакриламидтің жұмысшы ерітіндісі ПАА) беріледі, сол жерде су реагенттермен тез және бірқалыпты араластырылады. Тұндырғыштың ортасында реакция жүретін камера ретінде қолданылатын дөңгедек темірбетон стакан орналасқан. Су құдықтан тұндырғыштың реакция жүретін камерасына түсіп (үлпек пайда болатын, іріленетін), одан әрі тұндырғышқа келеді, онда негізгі жүзгіндер тұндырылады. Тұндыру үрдісі 1,5 сағаттан 2 сағатқа дейін созылады. Тұнбалар жинақталуына қарай жойылып отырады. Тұндырғыштағы және реакция камерасындағы су толықтай суағар арқылы Жайық өзеніне ағызылады. Жинақталған лай тұнбасы (биіктігі 0,5 метрден 1,5 метрге дейін) ұсақталып, тұндырғыш толықтай тазарғанша және жуылып-шайылғанша оған су қосылып отырады.

Химиялық талдау жасау үшін судың сынамасын алады, бұл жағдайда, тұндырылған суда жүзгін су 8-12 мг/л-ден аспауы және қалдық хлор 2-3 мг/л-ден кем болмауы қажет. Зертханалық зерттеулерден кейін іріктеу ысырмасын ашады. Тұндырылған және мөлдірлеткен су тұндырғыштан ортақ науаға жинақталып, сүзгілерге қарай жіберіледі. Сүзгілерде су науалар арқылы бөлінеді. Сүзгілеуші толтырғыш болып құм-малтатасты қоспа табылады. Сүзгілеу қабатының биіктігі 4.01-02-2001 ҚНжЕ-не және пайдалану мәліметтеріне сәйкес 1,2-1,5 с. Сүзгілердегі судың ең жоғары деңгейі сүзгіге қарай су әкелетін құбырдың ысырмасымен және ысырманың іріктеуді біртіндеп реттеуімен қолданып отырады. Тәулігіне жуу-шаю саны – 2 рет. Сүзгіден кейін су, екінші рет хлорлау үшін хлор берілетін таза суға арналған коллекторға жинақталады және одан әрі таза суға арналған резервуарларға жіберіледі.

№2 сүзу станциясы - өндірістік өнімділігі - тәулігіне 30000 м3, 1967 жылы салынып, 1968 жылы пайдалануға берілді.

Әрқайсысының көлемі - 900 м3, өнімділігі қалыпты режимде тәулігіне - 5000 м3 төрт көлденең тұндырғыштан, әрқайсысының ауданы 25 м2, өнімділігі қалыпты режимде сағатына 150 м3, сегіз жылдам құм-малтатасты сүзгілерден, коагулянт ерітіндісін дайындауға арналған реагент шаруашылығынан, компрессор қондырғысынан тұрады.

Су бірінші су көтеру станциясынан сүзгі станциясындағы таратушы құдыққа түседі. Таратушы құдыққа аралығы 1,5-2 минөт уақытпен коагулянттың жұмысшы ерітіндісі, хлор ерітіндісі (бастапқы хлорлау) және полиакриламидтің жұмысшы ерітіндісі (ПАА) беріледі, сол жерде су реагенттермен тез және бірқалыпты араластырылады. Су құдықтан тұндырғыштың реакция жүретін камерасына түсіп (үлпек пайда болатын, іріленетін), одан әрі тұндырғышқа келеді. Тұндырғышта негізгі жүзгіндер тұндырылады, ал мөлдірлеткен су бұрғылап тесілген құбыр бойымен іріктеу камерасына жіберіледі. Іріктеу камерасынан су сүзгілерге қарай беріледі. Тұндыру үрдісі 1,5 сағаттан 2 сағатқа дейін созылады. Тұндырғыштағы және реакция камерасындағы су толықтай суағар арқылы Жайық өзеніне ағызылады. Жинақталған лай тұнбасы (биіктігі 0,5 метрден 1,5 метрге дейін) ұсақталып, тұндырғыш толықтай тазарғанша және жуылып-шайылғанша су қосылып отырады. Тұндырылған және мөлдірлеткен су тұндырғыштан ортақ науаға жинақталып, сүзгілерге қарай жіберіледі. Сүзгілерде су науалар арқылы бөлінеді.

Хлор шығыны хлорлағыш қондырғысы операторымен мөлшерлеуіш көмегімен реттеледі және қалдық активті хлордың мөлшеріне байланысты тексеріліп отырады. Суды тазалау үшін жұмысшы коагулянт ерітіндісін беру өздігінен ағу арқылы жүргізіледі.

2000 жылғы тамыз айында станция күрделі жөндеуден өткізу мақсатымен тоқтатылды (ілмекті арматура, құбырлардың, тұндырғыштардың және тұрмыстық бөлмежайлардың технологиялық байламы ауыстырылды). Жөндеуден өткен станция 2001 жылғы сәуірде іске қосылды.

№3 сүзу станциясы. Сүзу станциясының жобалық қуаттылығы - тәулігіне 30 мың текше метр, 2010 жылы салынды.

Өзен суы 1-ші су көтеру станциясы сорғылары көмегімен №3 сүзу станциясына түседі. Станция – екі төмендегідей негізгі және қосалқы ғимараттар мен құрылғылар блогынан тұратын кешен болып табылады:

  • құйынды араластырғыштар, мөлдірлеткіштер және жылдам сүзгілер;
  • реагенттік (коагулянт,полиакриламид) және қызметтік бөлімшелер блогы.
  • №3 сүзу станциясы №1, 2, 4 сүзу станциялармен бірлесе отырып, беткі су көздерін өңдеуге арналған.

№3 сүзу станциясында реагенттік өңдеу үш реагент арқылы көзделеді:

  • гипохлоритпен;
  • күкіртқышқылды алюминиймен;
  • өңдеу кезеңінде бастапқы судың түстілігі мен майлылығының үйлесуіне байланысты полиакриламидпен.

Хлорлау жеке тұрған, 2010 жылы салынған хлорлағыш арқылы жүзеге асырылады.

№4 сүзу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3; 1994 жылы пайдалануға енгізілді. Құрамында көлемдері 30 м3 екі араластырғыш, көлемдері 225 м3 төрт араластырғыш камера, көлемдері 289 м3 алты флотатор, әрқайсысының ауданы 27 м3 болатын 10 құм-малта тасты сүзгі және көлемі 300 м3 таза суға арналған бассейн бар.

Су, бірінші су көтеру станциясынан екі желімен ПАА ерітіндісімен қарқынды араластыратын араластырғышқа түседі және олардың тұнбаларының түйіршіктері ірілендіріледі. Сағат сайын тұнба канализация арқылы кетіріліп отырады. Араластырғыштағы және 2 араластырушы камерадағы су толық көлемде суағар арқылы Жайық өзеніне ағызылады. Жинақталған лай тұнбасы (биіктігі 0,5 метрден 1,5 метрге дейін) ұсақталып, тұндырғыш толықтай тазарғанша және жуылып-шайылғанша су қосылып отырады. Араластырғыш камерадан шығарылған су, науашалар бойымен флотация жолымен жүзгіндерді жою жүргізілетін флотаторға түседі. Одан кейін, су сутартқы бойымен флотаторлардан әрқайсысының ауданы 27 м2 болатын, жалпы саны – 10 сүзгіге келіп түседі. Сүзгілерге келер алдында суға хлорлы су беріледі. Содан соң, су өз бетімен көлемі 300 м3 таза суға арналған бассейнге құйылып, одан әрі таза су айдайтын сорғылармен көлемі 5000 м3 №7 таза суға арналған резервуарға айдалады. Сүзгілерді жууға арналған су, таза су жинақталатын бассейннен жуып-шаятын суға арналған М-33, М-34 сорғыларымен алынады.

№4 сүзу станциясында 2 хлорлағыш бар. Әрбір хлорлағышта бір-бірден хлор салынған контейнер орналасқан.

Станция жобалық өнімділігін беріп отыр, тазартылатын судың сапасы Мемл.стандарт 2874-82 «Ауыз су», ҚР «Ауыз су» 3-02-002-04 СанЕжН талаптарына сай.

Таза суға арналған резервуарлар сүзу станцияларынан шыққан тазартылған суды жинақтауға арналған. Содан кейін, ауыстыру камералары арқылы су ІІ-ші су көтеру сорғы станциясына қарай жіберіліп, одан әрі тұтынушыға беріледі.