Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Сумен жабдықтау көзі - Жайық өзенінің беткі сулары.

Жылына өзеннен алынатын су көлемі 25 млн. текше метрді құрайды. Қалада бірыңғай орталықтандырылған шаруашылық-ауызсу және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесі жұмыс жасайды. Су қаланың ықшам аудандарына сорғы станциялардың көмегімен таратылады.

«Атырау Су Арнасы» КМК Атырау қаласы мен Мақат ауданындағы 890,2 шақырым (км) су құбыры желілері мен 267,6 шақырым арынды және өзіаққыш канализация коллекторларын пайдаланады. Қалада 38 су құбыры қысымын көтеру сорғы стансалары мен 77 канализациялық сорғы станциялары пайдаланылады.

2010 жылы ұзындығы 150 шақырым жаңа «Атырау-Доссор-Мақат» полиэтилен су құбыры пайдалануға енгізілді.

2006 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі кезеңде ұзындығы 190 шақырым су құбыры желілері, 60 шақырым канализация желілері күрделі жөндеуден өткізілді.

Ұзындығы

  • 290 км жаңа су құбыры;
  • 35 км канализация желілері салынды.

2006 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі аралықта 19 су құбыры қысымын көтеру сорғы станциялары мен 7 канализациялық сорғы станциялары пайдалануға енгізілді.